+7 (727) 268-86-01 sadik.129@mail.ru Алматы, микрорайон Аксай-2, 74
Алматы қаласы білім басқармасының
"№129 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Толығымен
Алматы қаласы білім басқармасының
"№129 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Толығымен
Алматы қаласы білім басқармасының
"№129 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Толығымен
Алматы қаласы білім басқармасының
"№129 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Толығымен
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

"Денсаулық" саласы.
"Денсаулық" білім беру саласы дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруді; қимыл дағдыларын қалыптастыруды; қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыруды және өткізуді; спорттық жаттығуларды орындауды (шанамен, шаңғымен сырғанау, велосипед тебу, жүзу); спорттық ойындардың (футбол, баскетбол және басқалар) элементтерімен танысуды қамтиды. Бұл саланың мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып сұраныстарын жетілдіруге бағытталған. Ұйымдастырылған оқу қызметі: дене шынықтыру; қауіпсіз мінез-құлық негіздері.

"Коммуникация" саласы.
"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды. "Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған. "Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: сөйлеуді дамыту; көркем әдебиет; сауат ашу негіздері; қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі; драма.

"Таным" білім беру саласы.
"Таным" білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды. "Таным" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бөбек жасы топтарында (1 жастан 3 жасқа дейін) – сенсорика; құрастыру; жаратылыстану.

"Шығармашылық" саласы.
"Шығармашылық" білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды. "Шығармашылық" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: сурет салу; мүсіндеу; аппликация; музыка.

"Әлеумет" білім беру саласы.
"Әлеумет" саласы адамгершілік нормаларын, адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттылығы мен реттеуді; адамгершілік қасиеттерін: елгезектікті, жанашырлықты, өзінің туыстары мен жақындарына құрметпен қарауды, өзінің отбасын жақсы көруін дамытуды; салт-дәстүрлерді сақтауды, тарихты, қазақ халқының тұрмысын білуді және құрметтеуді қамтиды. Ұйымдастырылған оқу қызметі: өзін-өзі тану; қоршаған ортамен танысу; экология негіздері.

Қадағалау
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады: 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады; 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие; 3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады. Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады. Стандартқа туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі жас кезеңділігі бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қабылдау күні
  • Дүйсенбі-Жұма 8.00 - 17.00
  • Сенбі Демалыс күні
  • Жексенбі Демалыс күні
Қабылдауға жазылу
№129 бөбекжай-балабақшасы
0

Жалпы шаршы метр

0

Жалпы бала саны

0

Кезекші топтағы балалар саны

0

Педагогтар саны

Біздің ұжым

Өз ісінің адал мамандары

№129 бөбекжай-балабақшасы

Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады:

  • 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады
  • 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие
  • 3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады,
  • нәрестелік жас - туғаннан бастап
  • ерте жас – 1 жастан (ерте жас тобы)
  • кіші жас-2 жастан бастап (кіші жас тобы)
  • мектепке дейінгі орта жас–3 жастан (ортаңғы топ)
  • мектепке дейінгі ересек жас – 4 жастан (ересек топ);
  • мектепалды даярлық – 5 жастан (мектепалды тобы, сыныбы)

Сұрақ - жауап
Айтыңызшы, балабақша балаға не бере алады?
Балабақшаға келген балада өзіне жақын ортамен салыстырғанда басқа нормалар үстемдік ететін жаңа әлеуметтік қатынастар туралы түсініктер қалыптасады. Олардың бастысы - әлеуметтік даму үшін жасалатын жағдайлар (құрбы-құрдастармен қарым- қатынас жасау мүмкіндігі, топқа ену, ынтымақтасу икемділігі, белгілі бір ережелерге бағына білу, өзара әрекеттесу нормаларын сақтау т.б.).
Балабақшада тәрбиеші рөлі қандай?
Балабақшада тәрбиеші баланы ересекке жақын ұстайды. Ол тәрбиелеумен, тынығуды (бос уақытты) ұйымдастырумен айналысады. Кейбір жағдайда үлкендер балаларын балабақшаға бере отырып, бала тәрбиесіне жауапкершілікті тәрбиешілерге артып жатады. Бір жағынан ата- аналар тәрбиешілер балаға жақсырақ түсіндіре алады және оларға білімдер мен икемділіктерді жақсырақ бере алады деп санайды. Әрине, бұл дұрыс та шығар, себебі тәрбиешілердің балалармен қарым-қатынасқа түсу, тіл табысу тәжірибесі мол, әрі «балалық» сұрақтарға да беретін жауаптары дайын. Баланың балабақшаға баруы ата-аналардың уақытын босатып қана қоймайды, оның баланың үйлесімді, табиғи дамуы үшін маңызы зор. Балабақшада бала мамандармен және басқа балалармен байланысқа түсе отырып, жаңа деңгейде дамуға мүмкіндік алады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын жеңіл меңгеріп, өзінің күн тәртібіне үйреніп, тәртіпке салынады. Балабақшада оқыту және дамыту үйдегі жағдайларға қарағанда жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мақсатты түрде жүреді. Ең бастысы, балабақшада бала қарым-қатынас сферасының дамуымен байланысты маңызды дағдыларды меңгереді, байланыс орнатуды, өзінің құқығын қорғауды үйренеді. Мұндай тәжірибе балаға өте қажет, оны бала бағушының немесе бала күтушінің қарым-қатынасымен орнын толтыру қателік. Бұл тұрғыда балабақша рөлінің маңызы аса зор. Балабақша баланың алғашқы қоғамдық мекемесі. Бала балабақшада «сауатты» тәрбиелік тәсіл көмегімен қарым-қатынастың барлық нормалары мен принциптерін меңгереді. Балабақшада бала сурет салу, жабыстыру, құрастыру техникасын меңгереді. Мектепке дейінгі жастағы балада іс-әрекеттің жемісті түрлерінің дамуы үрдісінде қабылдау, зейін, қиял, ойлау жетіле түседі, олардың қоршаған дүние туралы түсініктері кеңейеді, олар өз мүмкіндіктерін таниды. Балалардың бірлескен жемісті іс-әрекеті олардың эмоционалды, еріктік, тілдік дамуына мүмкіншілік береді.
Мектепалды даярлықтың маңызы неде?
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні- мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері, туған ел, салт-дәстүр, моральдық- этикалық нормаларын қалыптастырудың қайнар көзі мектепке дейінгі кезеңнен бастау алып, мектепалды даярлық сыныпта жалғасады. Мектепалды даярлық-бұл ең алдымен бүлдіршіндердің үлкен өмірге басатын алғашқы қадамы, бірінші баспалдағы десе болады. Өйткені бала балабақшадағы алаңсыз сәби шағымен қоштасып, жауапкершілік сезімін қалыптастыра бастайды. Даярлық сыныбындағы оқу-тәрбие ісінің маңызды мәселелерінің бірі балалардың өмірін қорғау және денсаулығына қамқорлық жасау болып есептеледі.
Балабақша тәрбиешіснің міндеттері неде?
Балабақша тәрбиешіснің міндеттері: баланы дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз ету; өз тобындағы әрбір бүл-діршіннің қызығушылығына, қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарау; баланың денсаулығын сақтауға, қогрғауға байланысты дәрігер талабын орындау; балаларды отбасында, балабақшада тәрбилеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізу; қалалық, облыстық әдістемелік бірлестіктерде, балабақшада педагогикалық кеңесжұмысына қатысу; өз жұмыстары туралыжоспар құру, есеп беру, әрбір саббақта ұқыпты дайындалу. Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілігі жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түсіндері алатын адам болу керек. Оның мәдениеттілігінің көрсеткіші – әдептілігі, қоғамдық орындарда өзін сыпайсы, еркін, ортаға лайлықты ұстай білуі, өнегелі тәртіпті, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым- қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, кұрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады. Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде оң әсерін береді. Өйткені балалар тәрбиешіге барлық жажағынан еліктейді. Сондықтан ол үнемі жинақты, таза, ұқыпты болуына мән беруі қажет. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жаманды да тез қабылайды. Тәрбиеші балалардың жақсы досы болуы керек. Алайда баланы екркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелеу де қажет.
Тәрбиешіге қойлайтын талаптар қандай?
1. Тәрбиеші ең алдымен өзінің мінезін, жүріс- тұрысын жөнге салып, балалар іс- әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек.
2. Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі тиіс.
3. Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе біліу керек.
4. Ол өзінің қөзқарасымен, ым- ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы қажет.
5. Кейде әзілдесіп, тиісті жерінде қатал талап қоя білуі керек.
6. Тәрбиешісінің әрбір қимылы, жүріс- тұрысының өзі балаларға өнерге, тәлім- тәрбие берерліктей болуы тиіс.
Тәрбиешісінің педагогикалық шеберлігі неде?
Тәрбиешісінің педагогикалық шеберлігі тәрбие жмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетінін саналы, анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықтауы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құралдарының түгел болуы, олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Тәрбиешінің негізгі қасиеттерінің бірі- педагогикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуіді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Тәрбиеші қызыметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеру, ықылыспен еңбек ету, кәсіби шеберлікті үнемі шындап отыру.
Байланыс

Егемендік алған алғашқы жылдан бастап ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне аса мән берілді, баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына, танымдық әрекетін дамытуға ерекше назар аударылды.

Алматы, микрорайон Аксай-2, 74
+7 (727) 268-86-01
+7 (727) 268-86-00
Консультация online: Bobekjai
Дүйсенбі- жұма: 9.00 - 18.00
Сенбі: Демалыс күні
Жексенбі: Демалыс күні