Педагогтерді аттестатау Жобасының өзгерістерімен таныстыру
Өзгерістер Жобасына сәйкес ПББ (педагог білімін бағалау) тапсыру тәртібі:
- ПББ өткізу мерзімін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі айқындайды;
- Педагогтер кезекті атестаттаудан өту кезінде жылына бір рет – тегін, бір рет – ақылы; кезектен тыс болса - жылына бір рет тегін тапсыра алады;
- Сынақ тестілеуі (педагогтің қалауы бойынша) – жыл бойы ақылы негізде, бірақ сынақ тестілеуінің нәтижелері аттестаттау үшін негіз болып табылмайды;
- ПББ шекті деңгейі:
1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:
«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70 %;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90 %;
- ПББ Ережелерін бұзған жағдайда педагог бір жыл мерзімге аттестаттаудан шеттетіледі. Егер қайталап бұзса - 5 жылға шеттетіледі;